қазақша · русский · english
 
 
 
16.03.2023

Төтенше жағдайлар жөніндегі семинар


2023 жылдың 14 наурызында Жаратылыстану және география институтының студенттеріне «Төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын шаралар» тақырыбында семинар өтті. Ұйымдастырушылар - институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Бакиров және университеттің Азаматтық қорғаныс және мобилизациялық дайындық бөлімінің бастығы Евгений Салтанов.


Іс-шараның негізгі мақсаты - студенттерді төтенше жағдайларға дайындау, табиғи апаттар кезіндегі дұрыс әрекеттер туралы өмірлік маңызды ақпарат беру. Семинар барысында студенттер «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Рашид Сеитов пен «Психологиялық қызмет» секторының жетекшісі Ақнұр Тәуекелден психологиялық кеңес алды. Ал география және экология кафедрасының құрметті профессоры Бахадур Абдиманапов студенттерді өзінің қызықты дәрісі арқылы қоршаған ортаны аялауға шақырып, маңызды ақпараттармен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу