қазақша · русский · english
 
 
 
20.03.2023

«Менің ұлттық тәрбиеге қосатын үлесім» интеллектуалдық сайысы


2023 жылғы 16 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына орай Жаратылыстану және география институты «Qoldau» студенттік өзін-өзі басқару ұйымы мен Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен «Менің ұлттық тәрбиеге қосатын үлесім» тақырыбында интеллектуалдық сайыс өтті. Сайыста 5 адамнан құралған 8 топ бақтарын сынады.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды, онда студенттердің педагогикалық шеберліктері мен білім қырлары барынша танытылды. Әділқазылардың шешімі бойынша жүлделі I орынды - «Abai Bol» тобы, II орынды - «Ұлағат» тобы, III орынды - «Шаңырақ» тобы иеленді.


Іс-шара Жаратылыстану және география институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Бакиров және Педагогика және психология институты педагогика кафедрасының аға оқытушысы Мұхамедрахым Құрсабаевтың ұйымдастыруымен өтті.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу