қазақша · русский · english
 
 
 
27.03.2023

«Ғылым жолы - ұлы жол» семинары

 

2023 жылдың 24 наурызында «6В05101-Биология», «6В05102-Биотехнология» мамандықтарының 4 курс студенттері п.ғ.к., аға оқытушы Л.Н. Демеуованың жетекшілігімен Зоология институтында өтіп жатқан өндірістік іс-тәжірибені қорытындылау есбінде «Ғылым жолы - ұлы жол» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

 

Семинарға биология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және ҚР БҒМ ҰҒА Зоология институтының ғылыми қызметкелері және студенттер қатысты. Семинарда студенттер ғылыми іс-тәжірибе барысында энтомология, паразитология және палеозоология зертханаларында алған тәжірибелерімен бөлісіп, зертхана экспоноттарымен таныстырды. Студенттер төменгі курс студенттерінің биология ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында аудиторияға викторина ұйымдастырды.

 

Семинар соныңда биология кафедрасы бойынша іс-тәжірибеге жауапты Г.С. Камиева кеш қонақтары мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, Зоология институтының қызметкерлеріне Жаратылыстану және география институтының директоры К.Д. Каймулдинованың Алғыс хатын табыстады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу