қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2023

Жыл сайынғы «Жыл құсы-2023» халықаралық жобасы

 

2023 жылғы 3 сәуірде Жаратылыстану және география институтында Ғылым онкүндігі аясында 4 кезеңнен тұратын «Жыл құсы-2023» халықаралық жобасы бастау алды.

 

Бірінші кезеңде - «Бәрі құстар туралы» сурет байқауына 120-дан астам оқу орындарынан 800-ден астам оқушы қатысты: оның ішінде 100-ден астам мектептер, гимназиялар, лицейлер; 10-нан астам көркемсурет студиялары, сонымен қатар республиканың кейбір аймақтарынан келген туындылар ұсынылды.

 

Екінші кезеңде - «Құс ұясы» көрме-байқауына институттың 2 курс студенттері қатысып, құс ұясының макеттерін көрсетті.

 

Ашылу салтанатына Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, биология кафедрасының профессоры Жұмаділ Чилдебаев, Жастар комитетінің төрағасы Райымбек Пірәлі, Зоология институты директорының орынбасары Марина Чирикова, ҚББЖТҒӘО (Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы) КММ Светлана Шапкина, Алматы зообағын дамыту бөлімінің меңгерушісі Акжамил Рахимова қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 alt=  




Кері оралу