қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2023

Биолог-ғалымдардың №178 лицей оқушыларымен кездесуі

 

2023 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласының № 178 мамандандырылған лицейінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6В01513-Биология» мамандығының 4 курс студенттері және лицейдің «Жаратылыстану» кафедрасы мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Жаратылыстану саласындағы заманауи мамандықтар» тақырыбында ауқымды кездесу өтті.


Кездесуге биология кафедрасының профессорлары Жұмаділ Шілдебаев, Зейнеп Тұңғышбаева, биология магистрі Гүлжанат Қамиева және лицейдің педагогикалық ұжымы мен оқушылары белсене қатысты.

 

Кездесу барысында лицей директоры Қайратбек Шадиев біздің студенттердің біліміне және белсенділіктеріне ризашылығын білдірді. Оқушылар мен ғалымдар арасында керемет пікірталас орнап, оқушылар мамандық таңдауға байланысты сұрақтарына жауап алды және биология мамандығына деген қызығушылықтары оянғандығын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу