қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2023

4-ші курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы

 

2023 жылғы 11 сәуірде Жаратылыстану және география институтының «6B05301- Химия», «6В05101-Биология», «6В05109-Биотехнология», «6В05203-География», «6В05202-Экология», «6В011101-Туризм» мамандықтарының 4 курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы өтті. Конференция институт директоры Күләш Каймулдинованың студенттерді іс-тәжірибенің аяқталуымен құттықтап, болашақта үлкен маман болуларына тілек білдіруімен басталды.

 

Студенттер өндірістік іс-тәжірибені А.Б.Бектуров атындағы Химия ғылымдары институты, ҚР БҒМ ҰҒА Зоология институты, КазГидроМет, ҚР Мемлекеттік орталық музейі, ТОО «Platinum Travel Kazakhstan», Алматы қаласының туристік агенттіктерінде және мейрамханаларында өтті.

 

Студенттер өз есептерінде теориялық білімдерін іс-тәжірибеде жүзеге асыру, олардың бойларында кәсіби дағдылары мен коммуникативтік құзыреттіліктерін арттырғанын атап өтті. Конференция соңында биология кафедрасының меңгерушісі Асия Майматаева, іс-тәжірибе жетекшілері Гүлнарай Сабденалиева, Гүлнар Ташенова, Қайрат Омаров, Ләззат Демеуова, Нұргүл Шадин, Райхан Искакова, Гүлжанат Қамиева практиканың пайдалы жақтарын атап өтіп, студенттерге жылы лебіздерін білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу