қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2023

«Тұрақты даму мақсатында биологиялық алуантүрлілікті сақтау» жобалар сайысы

 

2023 жылғы 10 сәуірде Абай университетінің Ғылым онкүндігі аясында «7M01513-Биология» мамандығының 1-ші курс магистранттары арасында «Тұрақты даму мақсатында биологиялық алуантүрлілікті сақтау» тақырыбында жобалар сайысы өткізілді.

 

Сайысқа 6 команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша олардың үшеуі алғыс хаттармен марапатталып, үш команда жүлдегер атанды. I орынды «Білім алушылардың Қазақстанның биоалуантүрлілігі туралы білімін кеңейту және экологиялық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында жоба ұсынған «Inbio» командасы, II орынды «Биологиялық алуантүрлілікті сақтау негізінде тұрақты даму тиімділігін арттыруды білім алушыларға цифрлық ресурс ретінде енгізу» тақырыбында жоба ұсынған «Eco course» командасы, III орынды «Іле-Балқаш» қорығы фаунасының биологиялық алуантүрлілігін сақтау» тақырыбында жоба ұсынған «Eco Start» командасы иеленді.

 

Сайысты «Биология» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Махаббат Аманбаева ұйымдастырып, өткізді. Жобалар сайысы жоғары деңгейде өтіп, магистранттар өздерін шығармашылық жағынан және ғылыми бағытта таныта білді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу