қазақша · русский · english
 
 
 
26.07.2023

Жаратылыстану және география институтының түлектерінің кездесуі

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да осыдан 35 жыл бұрын «География-биология» мамандығы бойынша білім алған түлектердің кездесуі өтті. Іс-шараны Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова сөз сөйлеп ашып, институттың жетістіктері мен дамуына тоқтала кетті. Ал география және экология кафедрасының меңгерушісі Думан Алиаскаров кафедраның қол жеткізген жобалары мен үздік ұстаздары жайлы баяндамасын көрсетті.

 

Түлектер жиын барысында Жаратылыстану және география институтының заманауи дәріс залдары мен зертханаларын аралап, институттың көптеген жетістіктерге жеткенін көріп өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. Түлектер барша университет басшылығына, институтқа және институтты 35 жыл бұрын оқып тәмәмдаған үздік диплом иегері, көптеген жетістіктерге жеткен профессор Күләш Каймулдиноваға да ізгі лебіздерін білдірді. Күләш Каймулдинова өз кезегінде сол жылғы түлектер арасында үздік мамандар: ғалымдар, ұстаздар және басқа да салалардың еңбек сіңірген қайраткерлері көп екенін атап өтті.

 

Кездесу соңында құрметті түлектеріміз берік білім мен жеке өмірге жолдама берген институтта білім алғандарын мақтанышпен жеткізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу