қазақша · русский · english
 
 
 
04.09.2023

«JANA BASTAU» мерекелік іс-шарасы

 

2023 жылдың 1 қыркүйегінде жаратылыстану және география институтында білім күніне орай «JANA BASTAU» мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шара бірінші курс студенттерін қарсы алу және оларды ЖОО басшылығымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Университеттің әкімшілік-қаржы жұмысы жөніндегі проректоры, Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректоры м.а. Клара Исакова салтанатты шараның құрметті қонағы ретінде сөз сөйлеп, студенттерге жылы лебізін білдірді.

Келер оқу жылында табыс тілеп, жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, профессор Жұмаділ Шілдебаев сөз сөйледі. Іс-шара барысында жаңа студенттер де белсенділіктерімен ерекшеленді. Түрлі ойын, ән мен би барлық қонақтардың көңілін көтерді. Кіші дастарын барлық студенттер атынан «QOLDAU» студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы Қарақат Тоқсанбаева құттықтады. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.


Барша білімгерлер мен ұлағатты ұстаздарды Білім күнімен құттықтай келе, жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу