қазақша · русский · english
 
 
 
07.09.2023

Бірінші курс студенттері университет пен елдің тарихымен танысады


2023 жылғы 5 қыркүйекте ХХ ғасырдың ұлттық зиялы қауымының көрнекті өкілі, ғалым және педагог Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай және Тілдер күнін мерекелеу аясында Жаратылыстану және география институтының «6В05301-Химия» мамандығы 1-ші курс 8 топ студенттері топтың эдвайзері Нүсіпақынова Маржанмен бірге университет мұражайына барды.

Қазіргі уақытта елімізде жүзеге асырылып жатқан этникалық тіл саясаты қазақстандық қоғамның толерантты тілдік ортасын қалыптастыруда мемлекеттің дамуының маңызды жолдарының бірі болып табылатынын ескере отырып, жоғары оқу орны басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы оқу жылының алғашқы күндерінде студенттерді университет және ел тарихымен таныстыруды ұйымдастырады. Бірінші курс студенттері іс-шараға қызығушылық танытып қана қоймай, көптеген жаңа білімдер мен жарқын әсерлерге қол жеткізіп, бір-бірін жақынырақ тани түсті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу