қазақша · русский · english
 
 
 
13.09.2023

Абай атындағы ҚазҰПУ комплаенс-қызметі студенттермен кездесу өткізді


2023 жылдың 12 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Жаратылыстану және география институтының білім алушылармен «Парасаттылық, академиялық адалдық және этика құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында кездесу өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің жетекшісі Сабыр Туменбаев студенттерді парасатты болуға, адал жүруге шақырып, оқу процессінде студенттердің академиялық адалдық кодексінің ережелерін сақтау керек екендігін ескертті. Сонымен қатар Жаратылыстану және география институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Бакиров сөз сөйлеп, бұл маңызды істе студенттерді белсенді болуға шақырды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу