қазақша · русский · english
 
 
 
19.09.2023

Жаратылыстану және географияя институтының 4-курс студенттері үшін педагогикалық практиканың таныстыру конференциясы

 

2023 жылдың 18 қыркүйегінде Жаратылыстану және география институтының «6В01510-Химия», «6В01511-Химия», «6B01512-Химия-биология», «6В01513-Биология», «6В01514-Биология» мамандықтарының 4 курс студенттері үшін педагогикалық практиканың таныстыру конференциясы өтті. Конференцияға институт директоры К.Д.Каймулдинова, 4 курс студенттері, педагогтар, педпрактикаға жетекші-әдіскерлер қатысты.

 

Конференцияда институт директоры К.Д.Каймулдинова студенттерді педпрактиканың басталуымен құттықтады. Болашақ ұрпақтың бойына білім мен тәрбие негіздерін, адамгершілік пен ұлттық қасиеттерді сіңіретін атап өтті. Осы мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, педпрактиканы абыроймен өтуге тілек білдірді.

 

Конференцияда институт бойынша практикаға жауапты Г.С.Камиева студенттерге педагогикалық практиканың уақытын, құжаттарын рәсімдеуді және практиканың жетекшілерін, педагог-психологтарын таныстырды. Конференция барысында студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарына жауаптарын алды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу