қазақша · русский · english
 
 
 
19.09.2023

Абай университетінің студенті «Талдықорған аруы-2023» конкурсының жеңімпазы

 

2023 жылдың 18 қыркүйегінде Абай университетінің студенті Жумагереева Аяжан Ахметқызы Жетісу өңірінде өткен «Талдықорған аруы-2023» конкурсының жеңімпазы атанды. Ол - Жаратылыстану және география институтының 3 курс студенті. Ғылым жолын таңдаған Аяжан өнерімен де елді тәнті етіп, жан-жақты дамыған мықты студент екенін дәлелдеді.

 

Аяжан білім мен өнер жолында білім алушыларға мол мүмкіншілік беріп келе жатқан Абай университетіне алғысын білдірді. Студентімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз және оған доданың келесі кезеңдерінде сәттілік тілейміз!

 

  alt=  




Кері оралу