қазақша · русский · english
 
 
 
27.09.2023

Абай университетінде «Zoology of invertebrates» электронды оқу құралы әзірленді

 

Қазақстанның білім беру жүйесіндегі өзгерістер, атап айтқанда, мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту мектеп пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін болашақ пән мұғалімдерін тілдік даярлау мәселесін өзекті етті.

 

Осы мақсатта Абай университетінің Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының оқытушылары (Қ.И.Батырова, М.Б.Жақсыбаев, А.Д. Майматева, М. Баженова) «Zoology of invertebrates» электронды оқу құралын әзірледі, ол студент әрекетінің барлық салаларында белсенді қолданылады (дәрістер, зертханалық сабақтар, БОӨЖ және т.б.).

 

Электрондық оқу құралының мақсаты - биолог студенттерге омыртқасыздардың құрылыс заңдылықтары, олардың эволюциясы және қоршаған ортамен байланысы, тіршілік ету жағдайларына байланысты оларда болатын өзгерістер, сонымен қатар олардың жеке және тарихи даму үрдісіндегі өзгерістер туралы нақты білім беру.

 

Электронды оқулықта омыртқасыздардың 25 түріне кіріспе, сипаттама, СӨЖ, БОӨЖ тапсырмалары, тест тапсырмалары, жануарлардың барлық түрлері бойынша анықтамалық материалдар, оқу фильмдері, көрнекті ғалымдардың пікірлері қамтылған. Нұсқаулықта омыртқасыз жануарлардың анатомиялық және морфологиялық сипаттамаларын көрсететін зертханалық практикум қарастырылған.Теориялық материал зоология саласындағы қазіргі ғылыми идеялармен толық сәйкес келеді.

 

Электрондық оқу құралының авторлық тұжырымдамасы жоспардағы жаңалығымен және өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді:

- мазмұнды құрылымдық ұйымдастыру;

- оқу материалының әдістемелік аппараты;

- тақырыптан тақырыпқа логикалық ауысу;

- арнайы терминологияны қолданудың дұрыстығы.

 

Материал анық және түсінікті берілген, бақылау сұрақтары оқытылатын тақырыптардың мазмұнына толық сәйкес келеді.

 

  alt=  

 




Кері оралу