қазақша · русский · english
 
 
 
23.10.2023

«Ашық есік күні»


Абай атындағы ҚазҰПУ-де Талдықорған қаласының «Innoverse high school» мектебінің бітіруші түлектеріне арналған «Ашық есік күні» өтті. Аталған іс-шара ұйымдастырушылары: жаратылыстану және география институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Бәкіров, кәсіби бағдар-бағдар беруге жауаптылар Жанар Жақсибаева, Еңлік Хорғасбай.

 

Кездесуде институт мамандықтары туралы толық ақпарат ұсынылды, мектеп түлектерін қызықтыратын мәселелер талқыланды. Оқушылар Абай университетінің мұражайымен танысты, институттардың оқу-зертханаларына экскурсия жүргізілді. Химия кафедрасында демонстрациялық қызықты химиялық тәжірибелер көрсетілді. Бұл келушілердің үлкен таңданысын тудырды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу