қазақша · русский · english
 
 
 
08.11.2023

4 курс студенттерінің педагогикалық практика барысындағы ашық сабақтары

 

2023 жылдың 7 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, «Мансап» орталығының жетекшісі Сәуле Калибекова, Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, Алматы қаласының Қ.Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясының директоры Манас Тайкенов және әдіскерлер «Биология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Динара Омарованың ашық сабағына қатысты.

 

Динара Омарова 8 «а» сыныбына «Ағзаның ішкі ортасы және оның маңызы. Лимфа жүйесі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа қатысушылар сабақтың заманауи оқыту әдістері мен АКТ қолдану арқылы жоғары оқу-әдістемелік деңгейде өткенін атап өтті.


Сабақ аяқталғаннан кейін университет ректоры практикант-студенттер мен оқушыларға қазіргі қоғамның сұранысын сай жоғары интеллектті тұлға болуға тілек білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу