қазақша · русский · english
 
 
 
14.11.2023

Абай университетінің оқытушылары зоология бойынша электрондық атлас әзірледі


Абай университетінің Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының оқытушылары Батырова К.И., Жақсыбаев М. Б., Майматаева А. Д., Сексенова Д. У. «Омыртқалылар зоологиясы» пәні бойынша (қазақ, орыс тілінде) электронды атлас әзірледі.

 

Омыртқалылар зоологиясы бойынша интерактивті атлас - бұл хордалы (омыртқалы) жануарлардың сыртқы және ішкі құрылысының негізгі белгілерін зерттеуге мүмкіндік беретін инновациялық оқу құралы, зерттелетін материалды игеруді жеңілдетеді, студенттердің тұтас дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Оқытуда жаңа технологияларды қолдану көрнекілікті арттырады, ғылыми ақпарат пен салалық терминдерді қабылдауды жеңілдетеді. Бұл студенттердің мотивациясына және оқу процесінің жалпы тиімділігіне жағымды әсер етеді.

 

  alt=  




Кері оралу