қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2023

Халықаралық Эгей ауылшаруашылық конгресі

 

Абай университеті Жаратылыстану және география институтының оқытушылары қауымдастырылған профессор Ғалымбек Қанат және PhD Бакиров Серік Эгей университетінде (Измир қ., Түркия) Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық Эгей ауылшаруашылық конгресіне қатысты. Жас ғалымдар Эгей университетінің проректоры Бану Юджельмен кездесті. Кездесу барысында екі университет арасындағы Меморандумның ары қарай жалғасын тауып, білім және ғылым саласында тәжірибе алмасу жұмыстарының көптеп жүргізілуі қажет екені айтылды. Сонымен қатар қазақстандық мамандар конгресте баяндама жасап, Эгей унивирситетінің «Өсімдіктерді қорғау» және «Бақша өсімдіктері» бөлімдерінің зертханаларымен танысып, тәжірибе алмасты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу