қазақша · русский · english
 
 
 
23.11.2023

Түркістан қаласында өткізілген әдістемелік семинар

 

2023 жылдың 21-22 қараша күндері Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылары: Қалампыр Жумагулова, Жазира Мукатаева, Асия Майматаева, Махаббат Аманбаева мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыландырылатын «PISA зерттеулеріне сәйкес мектеп оқушыларының функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері» тақырыбындағы жоба бойынша Түркістан қаласында әдістемелік семинар өткізді.

 

Семинарға Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің биология кафедрасының меңгерушісі И. Исаев, М.Шоқай атындағы №24 жалпы білім беретін мектеп директоры Е.Рысбеков, Ж.Ташенов атындағы №13 IT- мектеп лицей директоры Ж. Азретбергенова, Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназия директоры Р.Урумова, Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы білім мектеп директоры Н.Дүйсебек және мектеп ұжымының мұғалімдері, 8-10 сынып оқушылары қатысты.

 

Семинарда жоба аясында жарияланған «Мектеп оқушыларының жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалары» тақырыбында әдістемелік нұсқаулығы таныстырылып, жаратылыстану пәндері бойынша оқу үдерісіне ендіру мүмкіндіктеріне талдау жасалынды. Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу