қазақша · русский · english
 
 
 
16.01.2024

4-ші курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесінің таныстыру конференциясы

 

2024 жылдың 15 қаңтарында Жаратылыстану және география институтының 4 курс «6B05301-Химия», «6В05101-Биология», «6В05109-Биотехнология», «6В05203-География», «6В05202-Экология», «6В011101-Туризм», «6В011103-Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім бағдарламалары студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесінің таныстыру конференциясы өтті.

 

Институт директоры К.Д.Каймулдинова студенттерді оқу кезінде алған теориялық білімдерін жетілдіру мен бекітуге бағытталған іс-тәжірибенің басталуымен құттықтады. Іс-тәжірибе барысында аналитикалық зерттеу дағдыларына ие болып, болашақта үлкен маман болуларына тілек білдірді.

 

Конференцияда Г.С.Камиева студенттерге өндірістік практиканың құжаттарын рәсімдеуді және практика жетекшілерін, портфолио құрылымы мен практикадан өту туралы түсіндірме ақпараттар ұсынды. Конференция барысында студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарына жауаптарын алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу