қазақша · русский · english
 
 
 
29.01.2024

«Ғылымдағы әйелдер» кездесуі өтті


2024 жылдың 27 қаңтарында Алматы қаласындағы Ауезов ауданының Жастарға арналған комюнити орталығында «Ғылымдағы әйелдер» тақырыбында кездесу өтті. Ұйымдастырушы - университетіміздің жас оқытушысы, туризм саласының сарапшысы, Алматы қаласының қоғамдық пікір көшбасшысы, бірқатар әлеуметтік жобалардың жетекшісі Ел-Дана Аманжолқызы.

 

Кездесу «Girls community» қыздарға арналған сенімді қоғамдастық шеңберінде ойластырылған. Спикер ретінде үш сарапшы шақырылды. Алғашқы спикер Абай университетінің постдокторанты, география және экология кафедрасының аға оқытушысы Сейлхан Айнур. Ғалым Беларус, Түркия, АҚШ елдерінде тағылымдамадан өтіп, белсенді түрде КОКСНВО кіретін журналдарда, Scopus және Web of Science базасында ғылыми мақалаларын жариялаған. Ол «Ғылымды стрессіз ілгерлету» тақырыбын қозғады. Келесі спикер Темірбекова Маржан, ол PhD power engineering Лондонда аяқтап, Франция еліндегі Марсель қаласына постдокторантураға оқуға түсті. Ол қазіргі таңда үлкен жобаның мүшесі, жақында Q1 мақаласы жарық көрді. Маржан «Жақсы журналдарды іздеу, ғылыми мақалаларды жазу әдісі, халықаралық гранттар» туралы көптеген мәліметтермен бөлісті. Соңғы спикер Малшы Мөлдір, PhD candidate, SDU senior lecturer, Ex head of Educational Department of Tesla Education. Мөлдір «Work life balance and motivation» деген тақырыпты көтерді. Өзі психолингвистика аясында дәріс оқығандықтан, аудиторияға пайдалы мәлімет берд

 

  alt=  




Кері оралу