қазақша · русский · english
 
 
 
02.02.2024

«Тұрақты даму мақсаттары және сол бағытта білім беру» семинары


2024 жылдың 1 ақпанында Абай университетінің Жаратылыстану және география институты «География және экология» кафедрасының ғалымдары география ғылымдарының кандидаты Қ.Қ. Мұздыбаева және PhD Н.Д.Шакирова Ш.Уәлиханов атындағы Мамандандырылған гимназияда жаратылыстану онкүндігінің жабылу кешінде «Тұрақты даму мақсаттары және сол бағытта білім беру» тақырыбында ұстаздар мен оқушыларға семинар жүргізді. Апталықтың қорытындысы ретінде жаратылыстану кафедрасы ұстаздары оқушыларды ғылымға бейімдеп, пайдалы дәріс түрінде өткізуді жөн көрген. Тақырып қоршаған ортадағы, қоғамдағы дағдарыстар, тұрақсыздық жағдайында өте өзекті болып табылды. Дәріскерлер білім алушыларға арнап 17 Тұрақты даму мақсаттары жайлы толық мағлұмат берсе, ұстаздар үшін тұрақты даму бағытында білім берудің ерекшеліктері, негізгі қалыптастыратын құзіреттіліктері, оқыту міндеттері жайлы ой өрбітті. Тыңдармандар дәрістердің пайдалы болғанын, ғылыми жобаларға ой салғанын және осындай шаралардың ары қарай жалғасын табуына үміт етіп, ризашылығын білдірді.

 

  alt=  




Кері оралу