қазақша · русский · english
 
 
 
15.02.2024

Болашақ мамандықты таңдау: мүмкіндіктер мен перспективалар

 

2023 жылдың 14 ақпанында Жаратылыстану-география институтында Талғар қаласында орналасқан №1 жекеменшік лицей-интернатының бітірушілерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды. Бұл шараға келген студенттердің басым бөлігі жаратылыстану бағытындағы арнайы пәндерді таңдады. Мақсат - бүкіл университет пен институттың оқу процесімен жеке танысу.


Кездесу барысында жас қонақтар профессор-оқытушылар құрамымен танысып, студенттердің ғылыми негізделген мамандық таңдауын қамтамасыз ететін мамандықтардың әлеуметтік-экономикалық және педагогикалық сипаттамалары туралы қажетті білім көлемін меңгеруге бағытталған баяндамасын тыңдады. Институттың жаңадан жабдықталған географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) кабинеті мен химия, биология кафедраларының оқу зертханаларымен, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. Жиын соңында Абай мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу