қазақша · русский · english
 
 
 
27.02.2024

«Географияны оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың жолдары» вебинары

 

2024 жылдың 26 ақпанында Жаратылыстану және география институты оқу-әдістемелік бюросы география пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған вебинар өткізді. Вебинарға «География және экология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, әдістемелік бюро мүшелері қатысты. Вебинарды бюро жетекшісі, аға оқытушы Бейкитова Альбина ашты. Вебинарға жалпы білім беретін мектептердің география пәні мұғалімдері, ЖОО орындарының оқытушылары, әдіскерлер қатысты. Жалпы 100-ге жуық қатысушы болды. Спикер Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жаратылыстану және математика пәндері бағыты мен STEM технологиясы зертханасының бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, профессор Орденбек Мазбаев болды. Баяндамашы география пәнінің оқу мақсаттарының шиыршық әдісімен оқытылуын, географиядан функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды берудің әдістемелік жолдарын түсіндіріп өтті. География пәнінің сағат көлемі, жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Бағдарламаға қатысты ұсыныстарын география пәні мұғалімдеріне айтып өтті. Вебинар барысында қатысушылар спикерге сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Аталған іс-шара әдістемелік бағытта жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу