қазақша · русский · english
 
 
 
14.11.2017

 

2017 жылдың  8-17  қараша күндері  аралығында  Халықаралық  студенттер  күніне   аясында  өтетін  "Student week - 2017"  атты  студенттік апталықтың   жоспарына  сәйкес  "Алматы  күзі -2017"  атты  жатақхана  аралық  күзгі  бал  13  қараша  күні  Жаратылыстану  және  география  институтының  №2  жатақханасында  болып өтті. Күзгі  балға  төрт  жұп  қатысып, өз қабілеті мен қасиеттерін, өнерін  ортаға салды. Жүлделі  бас жүлдені   иеленген  Мақсотов  Дулат пен  Арыстан  Гүлжазира, жүлделі  1 орынды еншілеген  Дүйсенбай Райымбек  пен  Бахромова Бақтыгүл, 2  орныды  Алимкулов  Аспандияр  мен  Талпақова  Бақыт иеленсе, 3  орынды Узбекбаев Эдуард  және Тұрсын Аружан  қанжығалады. Әділ қазы  алқасының  құрамында  институтымыздың  директорының   тәрбие  жөніндегі  орынбасары  Манапов Нұрлан Тұрсынбекұлы, жатақхана меңгерушісі Еділбаева Ақзия Бекболатқызы,  студенттік өзін -өзі басқару кеңесінің  төрайымы, 4 курс студенті  Жаңбыр  Мақпал  Әлібекқызы,  жатақхана  студенттік  кеңесінің   мүшесі  4 курс студенті  Рапашева  Гүлжанат  Бисенғалиқызы, 2  курс  студенті  Байбазар  Жанбота  болды.  Қорытынды  кезеңде  қатысқан  жұптарға әділ -қазылардың ортақ шешімімен, жүлделер  табысталып, арнайы  сыйлықтармен  марапатталды.

 

  

 

  

 




Кері оралу