қазақша · русский · english
 
 
 
29.03.2024

«Талапкер - 2024» Ашық есік күні

 

2024 жылдың 14-29 наурызы аралығында университеттің бас оқу ғимаратында Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын іске асыру мақсатында «Талапкер - 2024» Ашық есік күні өткізілді. Бітіруші түлектерді болашаққа деген маңызды жоспарлары бар заманауи, қарқынды дамушы жоғары оқу орны саналатын, білікті мамандар даярлайтын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тыныс-тіршілігімен таныстыруды көздеген іс-шараның негізгі мақсаты - өзінің білім беру бағдарламаларын оқушыларға таныстыру. Институттың тәрбие жөніндегі орынбасары Серік Бакиров және оқытушылары - Дина Кулжанова, Қайрат Омаров, Мадина Райымқұлова және Жұлдызай Бектас болашақ студенттермен жұмыс жүргізе отырып, оқуға түсудің ережелерімен, университет тарапынан берілетін мүмкіншіліктерін айтып, түсіндірді.

 

Кездесу аясында бітіруші түлектер оқытушылардың ақыл-кеңесін тыңдап, болашақ мамандық таңдауда көкейлерінде жүрген көп сауалдарға жауап алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу