қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2024

«Жаһандану жағдайындағы тұрақты даму» интеллектуалды сайысы

 

2024 жылдың 8 сәуірінде ғылым онкүндігі аясында Жаратылыстану және география институтының география және экология кафедрасы «Жаһандану жағдайындағы тұрақты даму» зияткерлік байқауын ұйымдастырды. Мақсаты - студенттер арасында ғылымды насихаттау, ТДМ (тұрақты даму циклі) туралы тереңірек түсіндіру, сондай-ақ ТДМ шеңберінде өткізілетін іс-шараларға назар аударту.

 

Сайыс 3 кезеңнен тұрып, оған барлығы 5 топ қатысты. Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Нәтижесінде: «6В01516- География - тарих» - 1 орын; «6В05301 - Химия» - 2 орын; «6В01513 - Биология» - 3 орын алды. Қалған топтар алғыс хатпен марапатталып, естелікке кітаптар тарту етілді.

Іс шараға жауапты аға оқытушылар: Райымбекова И.Қ., Қалдыбаева Ж.Б., Аманбай Б.Б.

 

  alt=  

 




Кері оралу