қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2024

Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

 

2024 жылдың 12 сәуірінде Ғылым онкүндігі аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының «Биология» кафедрасында «Орталық Азияның биологиялық әртүрлілігін зерттеу, сақтау және ұтымды пайдалану» тақырыбында жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Іс-шара онлайн форматта өтті.

 

Конференцияның негізгі секциялары: 1-секция: «Тұрақты даму концепциялары және өсімдіктер әлемі әртүрлілігінің қауіпсіздігі мәселелері». Модератор: Абай атындағы КазҰПУ профессоры Докдорхан Айдарбаева. Хатшы - оқытушы Ақнұр Талдыбай. 2-секция: «Жануарлар әлемі әртүрлілігін зерттеу және сақтау: мәселелері мен перспективалары». Модератор: Низами атындағы ТашМПУ (Өзекстан Республикасы) «Зоология және анатомия» кафедрасының меңгерушісі Гүлнұр Шахмурова. Хатшы - оқытушы Сандуғаш Джарылкапова. 3-секция: «Ғылым мен білім берудің интеграциясы». Модератор: Абай атындағы ҚазҰПУ «Биология» кафедрасының меңгерушісі Әсия Майматаева. Хатшы -аға оқытушы Джунусова Раушан.

 

  alt=  

 

  alt=  

  alt=  

 




Кері оралу