қазақша · русский · english
 
 
 
08.12.2017

Абай атындағы ҚазҰПУ түлегі, спорттық бағдарлау бойынша әлем чемпионы Денис Власовпен кездесу

 

2017 жылдың 7 желтоқсаны күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында Жаратылыстану және география институтының 622 дәріс залында студенттік өзін - өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен университет түлегі, спорттық бағдарлау бойынша әлемчемпионы Власов Дениспен кездесу болып өтті. Кездесу барысында чемпион өзінің өмірі, қызметі және қол жеткізген жетістігі жөнінде баяндап берді.

 

Кездесу соңында Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова мен елтану және туризм кафедрасының аға оқытушысы Асылбек Еркебеков чемпионға институт атынан сый тарту етіп, жүрек жарды тілегін білдіріп, қазақы «шапан жабу» жоралғысы бойынша шапан жапты.

 

  

 

  

 

 




Кері оралу