қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2017

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» мерекелік іс - шара

 

2017 жылдың 8 желтоқсан күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік іс -шара өтті. Аталмыш іс -шара студенттік өзін-өзі басқару кеңесі, ботаника және жалпы биология кафедрасының аға оқытушысы Рита Саимованың жетекшілігімен 3 курс биология мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Шара шымылдығын институт директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов және ботаника және жалпы биология кафедрасының профессоры Қаратай Шалабаев ашты. Іс - шара барысында әуезді әндер айтылып, мың бұралған билер мен бірнеше бейнероликтер көрсетілді.

 

Мерекелік іс -шараны ботаника және жалпы биология кафедрасының аға оқытушысы Раушан Джунусова мен Рита Саимова қорытындылап, қатысушыларды келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

 

  

 

  

 

  

 




Кері оралу