қазақша · русский · english
 
 
 
27.11.2024

«6R тұжырымдамасы және қалдықтарды басқару» Абай университетінде

 

2024 жылдың 25 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ «Аяла» экоклубының мүшелері Жаратылыстану және география факультетінің студенттерімен «6R тұжырымдамасы және Абай атындағы ҚазҰПУ қалдықтарын басқару» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингте интерактивті презентация көрсетіліп, кері байланыс үшін қызықты экологиялық ойындар ұйымдастырылды. Ойындардың қорытындысы бойынша география және экология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы - Ж.Т.Тилекова, Н.Б.Мырзалы сөз сөйлеп, экологиялық мәдениетті арттырудағы осындай іс-шаралардың рөлі мен қажеттілігін түсіндірді. Студенттер іс-шара барысында көптеген жаңа және пайдалы ақпарат алды. Сондай-ақ қайта өңделмейтін және кәдеге жаратуға болатын қалдықтарды жинау орындары туралы білді.


Іс-шараның мақсаты - студенттерге 6R тұжырымдамасының мәнін түсіндіру және университет ішінде қалдықтарды экожәшіктерге дұрыс сұрыптау.

Міндеттері: қалдықтардың Алматы қаласының экологиясына тигізетін кері әсерін түсіндіру; тұрмыстық қалдықтарды нақты көрсету - қайта өңдеуге болатын және қайта өңделмейтін қалдықтарды көрсететін маркировкалар; интерактивті ойындар арқылы алынған ақпаратты бекіту. Миссиясы: оқу іс-әрекеті мен ойын арқылы студенттерге пайдалы білім беру.

 

«Аяла» экоклубының жетекшісі Бакирова К.Ш. студенттерді Абай атындағы ҚазҰПУ-дың табиғатты қорғау іс-шараларына белсенді қатысуға, атап айтқанда қоқыстарды сауатты бөлуге және «Аяла» экоклубы жариялаған байқауға қатысуға шақырады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу