қазақша · русский · english
 
 
 
15.02.2018

 

«Star house» жастар кеші

 

2018 жылдың 12 ақпан күні Жаратылыстану және география институтының №2 жатақханасында жатақхана меңгерушісі Ақзия Едилбаева және студенттік кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен «Star house» жастар кеші өтті. Кеш жүргізушілері: Медеуғали Әбілбашар және Бану Адырбек. Кеш шарты бойынша көрермендер арасынан 5 қатысушы жұп өз қалауларымен шығуы қажет және жеңіске жеткен жұп кинотеатрға 2 билет ұтып алады.


Жалынды жастарымыздың арасынан қатысушы ретінде бағын сынаған жұптарымыз:
1-жұп - Ағыбаев Арманбек және Қуаныш Мадина
2-жұп - Батай Еркін және Байбосынова Дарын
3-жұп - Алимкулов Аспандияр және Мұхтарова Тоғжан
4-жұп - Тәжі Нұрлан және Бақтыбаева Аружан
5-жұп - Узбекбаев Эдуард және Талпақова Бақыт

 

Олар әртүрлі сайыстар бойынша жарысқа түсіп, ақындық, сәнгерлік, тапқырлық және т.б. бағыттарда өнерлерін көрсетті.


Жарыс қорытындысы бойынша ең үздік шыққан - Нұрлан Тәжі мен Аружан Бақтыбаевадан құралған жұп болды. Олар «Бегущий в лабиринте» киносына 2 билет ұтып алып, қалған қатысушыларға түрлі сыйлықтар табысталды. «Star house» жастар кеші жоғары деңгейде өтті.

 

  

 

  

 




Кері оралу