қазақша · русский · english
 
 
 
10.01.2026

"Университеттің академиялық процестерін жаңартудың заманауи тәсілдері мен құралдары" атты әдістемелік семинар ұйымдастырылды

 

2026 жылғы 8 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география факультетінде "Қысқы мектеп – 2026" бағдарламасы аясында "Университеттің академиялық процестерін жаңартудың заманауи тәсілдері мен құралдары" атты әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

 

Семинарда жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, оқытудың инновациялық әдістерін енгізу, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану және академиялық үдерісті жаңғырту жолдары жан-жақты қарастырылды.

 

Іс-шара барысында тәжірибелі ұстаздар мен жас оқытушылар кәсіби пікір алмасып, білім берудегі озық тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар заманауи білім беру технологияларын меңгеріп, оқыту сапасын арттыруға бағытталған жаңа идеялармен қаруланды.

 

Семинар ұйымдастырушылары – менторлар:Жусупбекова Н.С., Бейкитова А.Н., Бейсекова А.А., Секерова Т.М.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу