қазақша · русский · english
 
 
 
19.10.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттер қатарға қабылдау кеші

 

2018 жылдың 18 қазанында Жаратылыстану және география институтының студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «SHELK» караоке-кефесінде 1 курс студенттерінің қалауымен «Студенттік қатарға қабылдау кеші» аталып өтті.


Кеш барысында ди⁠ректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов сөз алып, барша студенттерді шын жүректен құттықтады. Сондай-ақ, Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Дидарбек Ділдәбек пен Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы Нұрсая Базарбекова студенттерге «Студенттік қатарға қабылдау» рәсімін өткізді. Кешке 1 курс студенттерінің эдвайзерлері мен тәрбие жетекшілері толығымен қатысты.

 

Кеште 1 курс студенттері түрлі ойындар ойнап, өнерлі жастары ән айтып, би билеп, көңіл-күйлері өте көтеріңкі болды. Студенттік өзін- өзі басқару ұйымы лоторея ойнатып, ұтыстарға бағалы сыйлықтар мен қаржылай сыйақы берді. Сондай-ақ, кештің қадірлі қонақтары болып The Limba мен Introvert келіп, ән шырқады. Кештің соңы биге ұласып, студенттер ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу