«Black - white dedication» студенттік қатарға қабылдау кеші
2018 жылдың 24 қазанында Жаратылыстану және география институтының №2 жатақханасында студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен «Black - white dedication» студенттік қатарға қабылдау кеші болып өтті.
Кешті директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов ашып, студенттерге өзінің жылы лебізін білдіре отырып, «Ең таза бөлме», «Ең белсенді бөлме» номинациясымен студенттерді марапаттады.
Белсенді студенттеріміз өз өнерлерін көрсетіп, 1 курс студенттерімен түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Әсем әнмен құлақ құрышын қандырған 3 курс студенті Еркін Батай мен 1 курс студенті Назира Есиркегенова кештің сәнін кіргізді. Сондай-ақ, «Два в одном» көңілді тапқырлар командасы өнер көрсетіп, көрермендердің қошеметіне ие болды. Кеш студенттердің көңілінен шығып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.



