қазақша · русский · english
 
 
 
19.12.2018

Тәуелсіздік күні қарсаңында марапаттау рәсімі өтті


2018 жылдың 14 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтында профессор-оқытушылар құрамын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты марапаттауы өтті.


Институт директоры, профессор Күләш Каймулдинова құттықтау сөз сөйледі, университеттің профессор-оқытушылар құрамына алғыс айта отырып, жеке тұлғаның қалыптасуы көбінесе ұстаздарға байланысты екенін атап өтті.


Ректордың бұйрығымен университететтің оқу және тәрбие жұмысына белсенді атсалысқан профессорлар-оқытушыларды университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.


Құттықтау сөз академик Әлия Бейсеноваға берілді, ол институтқа жаңа табыстар мен жемісті еңбек тіледі.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу