қазақша · русский · english
 
 
 
19.12.2018

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын

 

2018 жылдың 15 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

 

Мерекелік іс-шараны университеттің ректоры, профессор Такир Балықбаев өзінің құттықтау сөзімен ашты. Ректордың бұйрығымен университеттің бірқатар директорлары, оқу және ғылыми-педагогикалық жұмыс жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, профессорлар мен оқытушылар жоғары оқу орнының дамуына қосқан үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жыл» мерекелік төсбелгімен марапатталды.

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні мерекесіне орай, білім беру саласы мен жас ұрпақ тәрбиесіне бағытталған еңбегі мен атқарған игі істері үшін химия кафедрасының профессоры Әзімхан Сейтжановқа «Құрмет» медалі табыс етілді.

 

Салтанатты жиын соңы эстрада жұлдыздары мен өнерлі жастардың мерекелік концертімен жалғасты.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу