қазақша · русский · english
 
 
 
25.02.2019

Студенттерге арналған кино кеші

 

23 ақпанда Жаратылыстану және география институтының Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен кино кеші болып өтті. Шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов ашып, кештің қызықты өтуіне тілек білдіре отырып, институт директоры Күләш Каймулдинованың сыйлаған тәттілерін табыстады.

 

Кеш барысында студенттер қызықты «Алита» киносын тамашалады. Сонымен қатар, караокеде әсем әуендер шырқалып, түрлі ойындар ойнатылды. Шара соңы биге жалғасып, студенттер ұйымдастырушы студенттік өзін-өзі басқару кеңесіне өз алғыстарын білдіріп, осы шараның жалғасын табуына ниеттерін білдірді.

 

   

 

   

 

 

 

 




Кері оралу