қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2019

«League of Intellectual Games» интеллектуалдық ойын

 

8 сәуірде Ғылымның онкүндігі аясында Жаратылыстану және география институтында «География», «Биология» және «Химия» мамандықтарының арасында «League of Intellectual Games» интеллектуалдық сайыс өткізілді. Химия командасының жетекшілері: химия кафедрасының оқытушылары Нұржан Чинибаева және Жанар Жақсыбаева.

 

Интеллектуалдық сайыс команда мүшелері мен көрермендер үшін өте көңілді, қызықты болды. Ойын тек командалар арасында ғана емес, жанкүйерлер үшін де ұйымдастырылды. Сайыс сұрақтары студенттер үшін мамандық бойынша және ой-өрісінің кеңеюіне арналған танымдық сұрақтар төңірегінде болды. Әр команда мүшелері сайысқа үлкен қызығушылық танытып, олардың берген жауаптары толық және әзіл түрінде болды. Талқылаған сұрақтар топ мүшелері мен көрермендердің арасында қызу тартыста өтті.

 

«League of Intellectual Games» интеллектуалдық сайыстың қорытындысы бойынша «5В011600-География» мамандығының студенттік командасы 1-ші орынды, «5В011300-Биология» мамандығының студенттік командасы 2-ші орынды, «5В011200-Химия» мамандығының студенттік командасы 3-ші орынды иеленді. Командалар институттың медальдарымен және арнайы дипломдармен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу