қазақша · русский · english
 
 
 
01.10.2019

Шарын шатқалына саяхат

 

2019 жылдың 29 қыркүйегінде География және жаратылыстану институты жаңа оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 1-4 курс студенттеріне Алматы облысында орналасқан Шарын шатқалына экскурсия ұйымдастырды.

 

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті.

 

Бұл іс-шараға Биология кафедрасының оқытушылары Шыңғыс Улдахан мен Серік Бакиров, сондай-ақ, «Рухани Жаңғыру» жобасының менеджері Нұрсұлтан Бакеновтың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Саяхат барысыныда студенттер еліміздің қорғалатын жерлері туралы қызықты мәліметтер алды.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу