қазақша · русский · english
 
 
 
08.10.2019

Жануарларды қорғау күніне орай «Күзгі жаңғақ жинау акциясы» өтті


2019 жылы 4 қазан күні Жаратылыстану және география институтының биология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен Жануарларды қорғау күніне орай 1 курс «6В01513-Биология», «6В05101 - Биология», «6В01512 - Химия-биология» мамандықтарының студенттері «Күзгі жаңғақ жинау акциясы» іс-шарасын өткізді.


Абай атындағы ҚазҰПУ мен Алматы хайуанаттар бағы арасында жасалған келісім шарт (15.01.2019) негізінде әр студент ерікті түрде 5 килограммнан емен жаңғағын жинап, Алматы хайуанаттар бағына 1 тоннадан астам емен жаңғағын өткізді. Біздің осы іс-шараға атсалысқан студенттерге алғысымыз шексіз.


Бұл іс-шарамыздың мақсаты студенттерді жануарларды қорғауға, оларға қамқорлық көрсетуге және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу болып табылады.

 

   

 

  




Кері оралу