қазақша · русский · english
 
 
 
06.02.2020

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Абай және Қазақстан ХХІ ғасыр» мақаласын талқылауға арналған тәрбие сағаты

 

2020 жылдың 5 ақпанында Полиграфия білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттерімен (жетекшісі -  Жанар Ибраева) тәрбие  сағаты өткізілді. Онда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»  мақаласының негізгі идеялары талқыланды.

 

Іс-шара қонақтары -  Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркін Кайшыбеков, дизайн кафедрасының меңгерушісі  Ерболат  Кисимисов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  Түлектер Қауымдастығының атқарушы директоры Болатбек Нұрбатыров өз сөздерінде  ұлы ойшыл, ақын, философ Абайдың рухани мұрасының жоғары құндылығын, әділ қоғам құру туралы ойлары, әр азаматтың әлеуметтік жауапкершілігі,  ұлттық сананы жаңғырту туралы идеяларына тоқталды.

 

Шараға белсенді қатысқан 1 курс студенттері Абашев Айбол, Рүстемова Шахноза, Өтегенова Салтанат Абайдың поэтикалық және музыкалық шығармаларынан үзінділерін орындап,  мерейтойлық іс-шаралар эстафетасын Жаратылыстану-география институтына табыстады.

 

   

 

   

 

«Дизайн» кафедрасы




Кері оралу