Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы | ![]()
Кафедраның мақсаты - заманауи пәндік, коммуникациялық, цифрлық және кәсіпкерлік құзыреттіліктері бар музыкалық білім, хореография және мәдени-тынығу жұмысы саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.
Кафедра келесі мамандықтар бойынша мамандарды даярлайды: Бакалавриат бойынша: 6В01402 - Музыкалық білім 6В02109 - Хореография 6В011102 - Мәдени-тынығу жұмысы
Магистрантура бойынша: 7М01402 - Музыкалық білім 7М02109 - Хореография
PhD докторантура бойынша: 8D01402 - Музыкалық білім
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы бүгінде 26 адамды құрайды: - профессор, ғылым докторы - 1; - ғылым докторы, доцент -1 -ғылым кандидат, доценттер - 7; - PhD -1 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қауымдастырылған профессор-1 -аға оқытушылар - 6; - халықаралық конкурстардың лауреаттары-3 - магистр, оқытушылар - 4.
Музыкалық білім және хореография кафедрасының тарихы
Музыкалық білім және хореография кафедрасы 1967 жылы ашылған. 1988 жылы кафедра музыкалық-педагогикалық факультеті болып өзгеріп, оған 1998 жылға дейін п.ғ.д., профессор М.Х.Балтабаев жетекшілік етті. 2008 жылы психология-педагогика факультетіндегі бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасында «050106 - Музыкалық білім» және «050409 - Хореография» мамандықтары ашылған. 2009 жылы кафедра көркем сурет және графика факультетінің құрамына кіріп, 2010 жылы бастап бүгінге дейін «Музыкалық білім және хореография» кафедрасы «Өнер, мәдениет және спорт институтының» дербес бөлімшесі ретінде қызмет атқарады.
Қызмет ету жылдары ішінде кафедра 2000-нан астам жоғары білікті музыка мұғалімдерін және хореография мамандарын дайындады, олардың көпшілігі білім беру және мәдениет басқармаларында, жалпы білім беру және музыка мектептерінде, мамандандырылған өнер колледждерінде, Қазақстанның әр аймақтарының облыстық филармонияларында қызмет атқаруда.
Бүгінде елімізге белгілі өнер қайраткерлері кафедра түлектері: Қазақстанның халық әртісі Байбосынов Қайрат, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Стамғазиев Рамазан, Айжанова Жанар, Арынбаев Медеу, Ағымбаева Хадиша, Ағымбаев Еркебұлан, белгілі джаз-музыканттар Хоменков Виктор, Илья Башкатов, атақты әнші Ербатыров Жанболат және т.б.
Мамандарды даярлау үшін жақсы материалдық-техникалық база бар: дыбыс жазу студиясы, компьютерлік класстар, интернет, хореографиялық, оркестрлік және хор залдары, қашықтықтан оқытуға және заманауи білімді алуға барлық жағдай жасалған.
Студенттердің орындаушылық шеберлігін дамыту мақсатында музыкалық білім және хореография кафедра аясында халық аспаптар студенттік оркестрі, аралас хор, фольклорлық және би ансамбльдер қызмет атқарып, қала мен республиканың әр түрлі сахналарында өнер көрсетеді
![]() |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|