қазақша · русский · english
 
 
 
13.02.2020

Абайдың 175 жылдығына арналған ашық сабақ

 

2020 жылдың 11 ақпанында ӨМжСИ Көркем білім беру кафедрасының аға оқытушысы, ҚР СО мүшесі Мият Джанаев «Визуалды өнер, көркем еңбек және жобалау» мамандығы 1курс, 12-2 тобына «Визуалды өнер негіздері (кескіндеме)» пәні бойынша Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен оқу бөлімінен арнайы комиссия мүшелері қатысты.


Іс-шараның мақсаты - көркемдік ой, ұлттық мәдениет және рухани танымды қалыптастыру. Сонымен қатар, білімгерлердің көркем-эстетикалық талғамдары мен рухани шығармашылық ойын дамыту болып табылады.


«Абай туралы натюрмортыңда не туралы айтқың келді, мазмұны не? Абай туралы не көріп білгің келеді? Абай туралы натюрморт жанрынан не білуге болады екен?» осы сұрақтар мазмұнында да білімгерлер интеллект- карталар орындап өздерінің рухани танымдарын көрсетті.


Сабақта Т.Бьюзеннің табиғи (шынайы) оқыту интерактивті әдістемесі (БТОӘ) сабақ тақырыбы мен мақсатына сай қолданылды. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы шығармашылық натюрморт этюдтары мен түсініктері негізінде «Қуат, ес, шығармашылық - Білу, түсіну, қолдану» жүйесінде тренингтер өткізілді.

 

   

 

   

 

Көркем білім беру кафедрасы




Кері оралу