қазақша · русский · english
 
 
 
14.02.2020

Болашақ суретшілерге арналған ашық сабақ

 

2020 жылдың 12 ақпанында Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім беру» кафедрасында аға оқытушы Келденова Күпән Кәдірбайқызы «Графика» мамандығының 1 курс 14-1, 14-2 топ студенттеріне «Тұрмыстық заттардан құралған күрделі емес натюрморт» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.


Ашық сабаққа кафедраның ПОҚ мен комиссия мүшелері қатысты. Сабақ барысында реалистік бейнелеудің негізгі заңдылықтарымен және түрлі-түсті акварельмен жұмыс жасау ерекшеліктерімен таныстырылды. Акварельмен жұмыс жасағанда әр түрлі техникалық тәсілдермен жұмыс жасауға машықтандыру бағытында, заманауи техниканы қолдану арқылы, интернеттен танымал суретшілердің шеберлік сағаттарын көрсетіліп, түсіндіру, талдау жұмыстары қатар жүргізіліп отырды. Ашық сабақ талапқа сай жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   

 

Көркем білім беру кафедрасы




Кері оралу