Өнер факультеті |
28.02.2020
«Ханшайым мен ханзада -2020» байқауы
2020 жылдың ақпаны айының сонғы күндерінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенттері қатысқан кезекті «Ханшайыммен ханзада» байқауы өтті. Байқауға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақ жетекші сәулет-құрылыс академиясы, «Bittle production» оқу орталығының студенттері қатысты.
Іс-шараға 6 жұп қатысты, олар өздерінің ғылыми, музыкалық және танымдық білімдерін,дағдылар мен қабілеттерін көрсетті.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды: - сәлемдесу (бейнеролік, өлең, диалог, ән);
Қазылар алқасының құрамына Алматы қаласындағы түрлі жоғары оқу орындары мен мектептердің өкілдері кірді: Орталық музыкалық жүйенің «Музыкалық білім және психология» кафедрасының меңгерушісі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, педагогика ғылымдарының кандидаты, өнер тарихы кафедрасының профессоры - Лайла Калиакпарова (қазылар алқасының төрағасы); Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушысы, магистр Наурыз Кулданов, Құрманғазы атындағы ҰҚК-нің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының оқытушысы - Каршига Дандагариев және басқалар.
Сайысқа біздің университет атынан Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының студенттері қатысты, екі жұптан тұратын қатысушыларымыз жүлделі орындарға ие болды: 1 жұп: Слямгалиев Дәуірбек және Серғазина Назерке- 3 дәрежелі Диплом; 2 жұп: Амангелдиев Руслан және Батырбекова Ұлпан- 1 дәрежелі Диплом.
Жұптар сайысы жиналған көптің және қазылар алқасының көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|