қазақша · русский · english
 
 
 
10.03.2020

«Сыйынар ем ана деген тәңірге» мерекелік концерті

 

2020 жылдың 7 наурыз күні Өнер, мәдениет және спорт институтының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-2 курс студенттері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сыйынар ем ана деген тәңірге» мерекелік концертін өткізді.


Іс - шараның негізгі мақсаты-ұстаздарға және курстастарға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Концерттің алдында кафедра меңгерушісі Ерғали Мұхиддинов қатысып отырған нәзік жандыларды осы көктем мерекесімен құттықтап, барлық әйелдер мен қыздарға бақыт, махаббат пен отбасылық береке тіледі.Концерттік бағдарламаға жер бетіндегі басты әйел - ана туралы спектакльдер, халық билері және әндер кірді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу