қазақша · русский · english
 
 
 
10.03.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ командасы кёрлинг жарысынан 1-ші орын алды

 

2020 жылдың 6-7 наурызында Алматы қаласы студенттері арасында ғұлама ғалым Әл-фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған қысқы универсиада ойындары өтті.

 

Оның мақсаты алдағы Дүние жүзілік қысқы универсиада ойындарына жаңадан студенттер командасын жасақтау болатын.

 

Жарысқа барлығы 16 команда қатысты. Біздің Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері бұл сайыста кёрлинг спортынан командалық есепте 1-ші орынды иеленді.

 

   

 

   

 




Кері оралу