қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2020

Бейнелеу өнері бойынша онлайн-семинар


2020 жылы 8 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім беру» кафедрасының меңгерушісі Ержан Рысымбетов, доцент Шолпан Акбаева, оқытушы Базар Ырыстанұлының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Қазақ халқының дәстүрлі өнері негізінде болашақ суретші - педагог мамандарының көркемдік дүниетанымын дамыту» тақырыбында онлайн-семинар өтті.


Онлайн -семинарға ӨМжСИ-дің директоры Тоққожа Қожағұлов, директордың ғылыми және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары Ақмарал Сманова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркін Кайшыбеков, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Ерғали Мухиддинов, «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі Кісімісов Ерболат т.б институт профессор-оқытушылар құрамы және 5B010700 - «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 3 курс студенттері қатысты.


Онлайн іс-шарада тақырыпқа байланысты слайд пен көркемдік құралдар көрсетіліп, қатысушылар пікір алмасты. Қоғамдағы болып жатқан қиын жағыдайға қарамастан жаңа технологияларды пайдаланып, дәстүрлі өнеріміздің өркендеуі аясында пікірталас өтті. https://youtu.be/HBt9ZnzUWy4 

 

   

 

   

 

   

 

    

 

Көркем білім беру кафедрасы




Кері оралу