қазақша · русский · english
 
 
 
02.03.2016

Қазақ музыкасын зерттеуші, көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылымының докторы, профессор, академик А.Қ. Жұбановтың 110 жылдық мерей тойына байланысты 19.02.2016 жылы «Жұбановтар әулеті - музыка әулеті» атты тарихи-танымдық дәрісті М.Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығы басқармасымен бірлесе отырып, Өнер, мәдениет және спорт институты қабырғасында іс-шара өткізілді. Бұл шараға Жұбановтор әулетінің ұрпақтары (немересі Әліби Мамбетов) пен туыстары, келіні, Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың шәкірттері, Ахмет Жұбанов атындағы мұражайдың және М.Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығының қызметкерлері мен Өнер, мәдениет және спорт институтының профессор-оқытушыларының құрамы, студенттер, магистранттар қатысты.
Ахмет Жұбанов және Ғазиза Жұбанова композиторлардың шығармашылық мұрасы қазақ музыка мәдениетінің қазынасына өлшеусіз үлес қалдырды. Өнер мәдениет және спорт институтында оқитын шығармашылық мамандықтар студенттері музыка тілі өнерімен байланыста болғандықтан, осы шығармашылық дәрістен үлкен рухани байлық алды. Дәрісті «Тұлғатану» орталығының жетекшісі Дана Макатова дайындап, композиторлардың шығармашылығымен студенттерді таныстырып атап өтті. «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының меңгерушісі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Менсұлу Искаққызы Джексембекованың басқаруымен барлық мамандықтарда оқитын студенттер (музыкалық білім, бейнелеу өнері, дене шынықтыру және спорт) институттың магистранттары және ПОҚ-ы осы іс-шараға белсенді қатысып: сөз сөйлеп, әндер орындап, (Ерболат Жұмашұлы Мұстафаев, Әлия Исламетдинқызы Өмірзақова, магистрант Майра Нұрке, студенттер сұрақтарын қойды.

Келген қонақтардың арасында ұстаздар мен шәкірттер де үлес қосты. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның студенттері А.Жұбановтың кейбер атақты музыкалық шағырмаларынан шағын ғана концерттік бағдарламасын орындап берді. Оның ішінде «Тәджік биі», «Көгершін», «Қарлығаш» шығармалары. Мерекенін қорытында институт директоры Б.А. Әлмұхамбетов алғыс сөзін айтты.

 




Кері оралу